Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкері түнгі өрт кезінде 90 жастағы әжейді құтқарып қалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкері, полицияның аға сержанты Жасұлан Нұрасылов түн ортасында болған өрт кезінде батылдық танытып, адам өмірін құтқарып қалды.

Оқиға түнгі сағат шамамен 03:00-де болған. Полиция қызметкері көрші үйден шыққан өртті байқап қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, алдымен үйдің жапсарлас құрылысы өртеніп, кейін жалын жазғы асүйге тараған. Сол сәтте ішінде 90 жастағы әжей болған. Артынша өрт негізгі тұрғын үйдің шатырына жайыла бастаған.

Жағдайдың күрделілігіне қарамастан, Жасұлан Нұрасылов бір сәт те кідірмей әрекет еткен. Ол қоршауды бұзып, отқа оранған үйдің ауласына кірген. Қалың түтінге толған жазғы асүйден ұйықтап жатқан әжейді тауып, қауіпсіз жерге алып шыққан. Кейін үйдегі өзге тұрғындарды оятып, олардың да дер кезінде эвакуациялануына көмектескен.

Сонымен қатар полиция қызметкері өрт туралы шұғыл қызметке хабар беріп, өрт сөндірушілер жеткенге дейін жалынның таралуына жол бермеу үшін қолдан келген шараларды жасаған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өртті жедел сөндірді. Полицейдің батыл әрі жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алып, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.

Кейін белгілі болғандай, құтқарылған тұрғындар Жасұлан Нұрасыловтың көршілері екен. Оқиғадан кейін көше тұрғындары мен куәгерлер оған алғыстарын білдіріп, ерлігі мен дер кезінде көрсеткен көмегі үшін арнайы бейнеүндеу де жолдаған.

Полицияның аға сержанты Жасұлан Нұрасыловтың бұл әрекеті – кәсібилік пен адамгершіліктің, сондай-ақ кез келген сәтте көмекке келуге дайындықтың жарқын үлгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1226583?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version