«Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, Жедел басқару орталығының камералары арқылы, жүк көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін қасақана жасырған жүргізушіні анықтады.
Жүргізуші автоматты кешендер арқылы тіркелетін құқық бұзушылықтардан және ақылы жол төлемінен жалтару мақсатында мемлекеттік нөмірді қағазбен жауып қойған. Құқық бұзушылықты Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері анықтады.
Жиналған материал сотқа жолданды. Сот шешімімен жүргізуші бір тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бір жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.
Полиция мұндай әрекеттер заң талаптарын бұзып қана қоймай, жол-көлік оқиғалары немесе өзге де жағдайлар кезінде көлік құралын анықтауды қиындатуы мүмкін екенін ескертеді.
Тәртіп – біздің әрекетіміз, ал Заң – жауапкершілік.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1226607?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау