Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасында шығысқазақстандық «Алтай» футбол клубы көкшетаулық «Оқжетпеспен» кездесті.
Өткен турда «Қызылжар» командасынан басым түскен алаң иелері бұл ойынға да тыңғылықты дайындалғаны сезіліп тұрды. Десе де «Оқжетпес» оңай шағылатын жаңғақ емес. Турнирлік кестеде үздік үштікте тұрған азулы клуб.
Ойынның 13 минутында қонақтар есеп ашып кетті. Мергендігімен көзге түскен – 63 нөмірдегі Иван Кузмичев. Алтайлықтар дереу қарымта гол салуға тырысты. Бірінші таймда бірнеше ұтымды мүмкіндік болғанымен қарсыластың қақпасынан саңылау табылмады. Екінші таймда да алаң иелері қауіпті шабуылдар жасағанымен сәл сәттілік жетіспеді. Қорытынды есеп – 0:1.
Бұл «Алтай» футбол клубының биылғы маусымда жаңартылған «Восток» стадионында өткізген екінші ойыны. Осы жолы да жанкүйерлердің қолдауы ерекше болды. Енді келесі ойын 27 мамыр күні өтеді. Шығысқазақстандық футболшылар өз алаңдарында «Астана» футбол клубын қабылдамақ.
(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1226807?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау