Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Алексеевич Левит «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауды «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Айсулу Қажмұқанқызы Макашева жүргізді.
Қабылдау барысында елорданың төрт тұрғыны балаларды тегін спорт секцияларымен қамту, жүзу үйірмелеріне қатысу, футбол клубтары мен мемлекеттік спорт мектептеріне қабылдау, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы және ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Кездесу барысында әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді.
Қабылдау қорытындысы бойынша барлық көтерілген мәселелер басқарманың құзыреті шеңберінде бақылауға алынып, оң шешімін тапты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1226905?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау