Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 17-25 мамыр аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның төрт күнінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2708 әкімшілік құқық бұзушылығын анықтады.
Атап айтқанда:
- мас күйінде көлік басқарудың – 22 фактісі;
- медициналық куәландырудан өтуден бас тартудың – 3 фактісі;
- техникалық регламент талаптарына сай келмейтін көліктерді пайдаланудың – 392 фактісі;
- қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарудың – 284 фактісі;
- көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдардың көлік басқаруының – 100 фактісі;
- қарсы бағытқа шығудың – 18 фактісі;
- бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтудің – 39 фактісі;
- жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуының – 138 фактісі анықталды.
Арнайы айып тұрағына 212 көлік қойылды, оның ішінде 71-і шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автокөліктер.
Сонымен қатар, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланудың 2 фактісі анықталды.
Мәселен, Әбілқайыр хан даңғылы бойында «Toyota» маркалы автокөлік тоқтатылып, тексеру барысында көліктегі мемлекеттік тіркеу нөмірі аталған көлікке тиесілі еместігі анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және жолда мұқият әрі жауапты болуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1226839?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау