«Ақжайық» орталығында республикалық семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орал қаласындағы «Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығында 8 өңірдің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары, оңалту орталықтарының басшылары мен мамандарының қатысуымен «Әлеуметтік оңалту орталықтарының тиімді тәжірибелері және инновациялық тәсілдерді қолдану» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу, арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және әлеуметтік оңалту бағытындағы тиімді тәжірибелерді насихаттау.

Семинарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы Ж.Ж. Бериков және оның орынбасары А.И. Муканова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері, оңалту орталықтарының директорлары мен мамандары, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының басшылары қатысты.

Семинар барысында өңірлерде әлеуметтік салада жүзеге асырылып жатқан жұмыстар таныстырылып, заманауи әлеуметтік оңалту тәсілдері, қызмет көрсету сапасын жетілдіру, мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік бейімдеу бағытындағы өзекті мәселелер қарастырылды.

Сонымен қатар, қатысушылар Орал қаласында ашылған заманауи әлеуметтік оңалту орталығының жұмысымен танысып, мекеменің материалдық-техникалық базасы мен көрсетілетін қызмет түрлерін көрді.

Семинар қорытындысында қатысушылар әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы тиімді тәжірибелерді одан әрі енгізудің маңыздылығын атап өтті.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zko/press/news/details/1226506?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version