2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің қызметін міндетті лицензиялау енгізілді. Бұл шара қызмет көрсету сапасын арттыруға және әлеуметтік саладағы мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған. Абай облысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың саны 27. Оның ішінде стационарлық үлгідегі жағдайда – 5, күндізгі стационар жағдайында – 11, үйде қызмет көрсету жағдайында – 16. Департамент берген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензиялар – 32.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-abay/press/news/details/1226573?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау