18 мамыр – Мұражай қызметкерлері күніне орай Астана қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мұражайына барып, тарихи-танымдық экскурсияға қатысты. Іс-шара барысында сала тарихы, ел қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолында адал қызмет атқарған азаматтардың еңбегі таныстырылып, олардың өмірі мен қызметіне арналған деректі фильм көрсетілді.
Аталған іс-шара қызметкерлердің тарихи танымын арттырып, патриоттық рух пен кәсіби құндылықтарды нығайтуға бағытталды.
Іс шара соңында ішкі істер министрлігі атынан қызметкерлерге кітаптар сыйға тартылды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1226144?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау