18-22 мамыр 2026 жыл аралығында «Рецидивтін алдын алу» жобасы жене «Есептегі тұлға» республикалық, жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Астрахан ауданы прокуратурасы аудандық полиция бөлімінің участкелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп,
пробациялық бақылауда тұрған тұлғалардың және ПБ есебінде тұрған шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және әкімшілік қадағалаудағы тұлғалар бойынша
тұрғылықты мекен-жайлары бойынша түнгі уақытта тексеру жұмыстарын жүргізді.
Рейдтік іс-шара барысында есептегі тұлғалардың тұрмыс жағдайы, тіркелген мекенжайда болуы, сондай-ақ сотпен белгіленген шектеулерді сақтау талаптары тексерілді.
Сонымен қатар, есептегі тұлғалармен қайталама құқық бұзушылықтардын алдын алу және заңға бағынушылық мінез-кұлықты қалыптастыру мақсатында профилактикалық және түсіндіру әңгімелері жүргізілді.
Заңнама талаптары, пробациялық бақылауды сақтау тәртібі, сондай-ақ, белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін жауапкершілік тусіндірілді.
Сонымен бірге, азаматтарға әлеуметтік-құқықтық, мәселелер бойынша заңгерлік кеңестер берілді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1226433?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау