«Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында конференция өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен бірлесіп «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында конференция өтті.
Конференцияға Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы М.А.Нысанбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Е.Б.Саурықов, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Н.Ә.Оршубеков, Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Л.С.Қожамжарова, облыстық депутаттар, Педагогикалық кеңес мүшелері, сала ардагерлері, мектеп директорлары, колледж директорлары, мектепке дейінгі білім мекемелерінің меңгерушілері, директордың орынбасарлары, барлығы 350 адам қатысты.
Конференция барысында білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттар мен білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз ету, Конституцияға енгізілген өзгерістер, білім саласының даму бағыттары тақырыптарында баяндама жасалып, қатысушыларға жаңа Конституцияның басым бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bilim/press/news/details/1226015?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау