«Білімнің бастауы — бастауышта»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дарынды балаларға арналған Жыланды лицей-интернатында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастауышпен қоштасу» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Мерекелік кеш барысында оқушылар өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, ұстаздарына деген алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, бастауыш білім беру кезеңіндегі жетістіктері қорытындыланып, оқушыларға ізгі тілектер айтылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушыларды келесі білім сатысына жігерлендіріп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және мектеп өміріндегі маңызды кезеңді ерекше атап өту болды.

Кеш көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, ата-аналар мен ұстаздарға ерекше әсер сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1225908?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version