Конференцияға еліміздің өңірлерінен мәслихат төрағалары, депутаттар, сала мамандары мен сарапшылар жиналды. Іс-шараға Абай облысының мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков қатысты.
Конференция «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Жиын барысында ішкі туризмді дамыту, тарихи-рухани мұраны насихаттау, өңірлер арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Бағдарлама аясында қатысушылар үшін бірқатар панельдік отырыстар, кездесулер және Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени нысандарды аралау жоспарланған. Конференция жұмысы алдағы күндері жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1226303?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау