Депутаттар тұрғындарды қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
  Апта көлемінде азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары А.Төлегенова, Т.Мақаш, А.Мұсабаева, Р.Ысқақова, Б.Төлеген және Ғ.Байсеитов қабылдауларын өткізді.
  Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына қатысты және тағы басқа мәселелер көтерілді.
  – Жеңіс көшесі №51 үй тұсына көршілес үйдің кәріз су септигінің жақын орналасуы;
  – Жаппасбай батыр көшесі №1 көпқабатты тұрғын үй ауласына балалар спорт-ойын алаңын салу;
  – Тұрақты жұмысқа орналасу мәселесі;
  – Арай-Шұғыла тұрғын ауданындағы Тораңғыл көшесі және Тораңғыл тұйығындағы жол жөндеу жұмыстарын аяқтау ;
  – С.Сейфуллин тұйығына жол жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  – Әлеуметтік көмек беру туралы.
  Депутаттар қабылдау барысындағы мәселелердің шешілу бағытында өз тараптарынан жұмыс жасалатындығын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1226713?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version