КЭ бойынша семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 20 мамырында ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның ШҚО бойынша филиалының 2026 жылғы 13 мамырдағы №149/81 бірлескен бұйрығына сәйкес ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында кене жұқпалары ошақтарында эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу, кене жұқпалары бойынша зертханалық зерттеулердің өзекті мәселелері, сондай-ақ облыстың медициналық ұйымдарының 2026 жылғы эпидемиологиялық маусымға дайындығы тақырыптарында оқыту семинар-кеңесі өткізілді.

 Семинар офлайн және онлайн (ZOOM платформасы арқылы) форматта ұйымдастырылды. Оған аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен эпидемиологиялық бейіндегі мамандар қатысты.

 Семинардың мақсаты – қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттардың талаптарын орындауды қамтамасыз ету, облыстың эндемиялық аумақтарында кене жұқпаларына қарсы профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарының кәсіби даярлығын арттыру, сондай-ақ облыстың медициналық ұйымдарының 2026 жылғы кене жұқпаларының эпидемиологиялық маусымына дайындығын талқылау болды.

Семинарды Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары С.Е. Слямгазина кіріспе сөзбен ашты.

Кене жұқпаларының клиникасы, диагностикасы мен эпидемиологиясы, сондай-ақ кене жұқпаларына эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу алгоритмі туралы ШҚО СЭБД ЖПАЭББ басшысы А. Қалыкова баяндама жасады.

ШҚО СЭБД ЖПАЭББ бас маманы С.М. Айдарбекова «2025 жылдың қорытындысы бойынша кене жұқпаларының эпидемиологиялық ахуалы, оларды тасымалдаушылармен күрес шаралары, сондай-ақ жылдық есептер бойынша ескертулер мен ұсыныстар туралы» баяндады.

«ҰСО» ШЖҚ РМК ШҚО бойынша филиалы АҚЖ зертханасының меңгерушісі М. Сагатова кене жұқпаларына жүргізілетін зертханалық зерттеулердің өзекті мәселелері жөнінде ақпарат берді.

Семинар барысында эндемиялық аумақтардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары облыстың медициналық ұйымдарының 2026 жылғы кене жұқпаларының эпидемиологиялық маусымына дайындығы туралы есептерін ұсынды.

Семинар қорытындысы бойынша кене жұқпаларының алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланып, тиісті ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1226631?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version