КЕЛЕС АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАР АГРОТЕХНОЛОГИЯНЫ ІС ЖҮЗІНДЕ МЕҢГЕРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданының Біртілек елді мекенінде орналасқан №66 жалпы білім беретін мектебінде заманауи жылыжайда өсірілген алғашқы өнімдер пісіп жетілді. Аталған білім ошағы «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында өткен жылы пайдалануға берілген болатын. Қазіргі таңда мектепте 360 оқушы білім алуда.
Жылыжайда қызанақ, қияр, баялды, аскөк және болгар бұрышы өсірілуде. Бұл өнімдер оқушылардың өз қолдарымен егіліп, күнделікті күтім жасалуда. Жоба аясында оқушылар өсімдіктерді өсірудің қыр-сырын меңгеріп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруда.
Мектеп парламентінің мүшелері мен STEM кабинетіндегі жас зерттеушілер арнайы тұқымдарды іріктеп, сапалы көшеттер дайындаған. Ұстаздардың жетекшілігімен жылыжайда заманауи агротехнологиялар қолданылып, тамшылатып суғару жүйесі іске қосылған. Білім ордасындағы бұл бастама оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беруде.
Алдағы уақытта мектеп ұжымы жылыжайда қызғалдақ гүлдері мен құлпынай өсіруді жоспарлап отыр. Осылайша, «Келешек мектебі» жобасы аясында ашылған білім ордасында оқушылар білім алып қана қоймай, нақты тәжірибе арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1226877?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version