Көкшетау полицейлері бұзушылықтарды нұсқап, қала тұрғындарына қоқыс пен алкоголь үшін қарастырылған жауапкершілік туралы ескертті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күн сайын Көкшетау жедел басқару орталығының камералары рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастау және қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу әкімшілік құқық бұзушылықтарын тіркейді.
Полиция қызметкерлері сыртқы бақылау жүйесімен тәулік бойы облыс орталығының көшелеріндегі жағдайды бақылайды. Анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат жақын маңдағы патрульдік нарядтарға дереу беріліп, құқық бұзушылар анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
Биыл Көкшетауда рұқсат етілмеген жерге қоқыс шығарудың 150-ден астам фактісінің жолы кесілді, тағы 2 000-ға жуық құқық бұзушы қоғамдық орындарда алкоголь ішкені үшін жауапқа тартылды.
Полицейлер рұсат етілмеген жерлерге қоқыс шығару қаланың санитарлық жағдайына теріс әсер ететінін, аулалардың, саябақтар мен көшелердің көрінісін бұзатынын, сондай-ақ тұрғындардың әділ наразылығын тудыратынын атап өтті. Қоғамдық орындарда алкоголь ішу мәселесі де өзекті болып табылады. Мұндай фактілер көбінесе отбасылық жанжалдарға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, төбелеске және басқа да құқық бұзушылықтарға әкеледі.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды тазалықты сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және заманауи бейнебақылау жүйелері тәулік бойы жұмыс істейтінін есте сақтауға шақырады. Кез келген құқық бұзушылық әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1226579?lang=ru

Exit mobile version