Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Екібастұз қалалық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Жетписбай Жакупов салтанатты іс-шараға қатысып, сала майталмандарына лайықты марапаттарын табыстады.
Өңірдің мәдениет саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, көп жылғы адал еңбегі және өз мамандығына деген жоғары жауапкершілігі үшін Екібастұз қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
Р.К. Даутов – «Мақпал» мәдениет үйі» КМҚК күзетшісі; Л.Н. Мадина – «Атамұра» мәдениет орталығы» КМҚК әдіскері; Ж.К. Макашева – «Достық үйі» КММ шаруашылық жетекшісі; О.С. Мсырова – «Атамұра» мәдениет орталығы» КМҚК Құлакөл ауылдық клубының күзетшісі.
Сонымен қатар, жоғары кәсіби шеберлігі мен мәдениет саласындағы жемісті еңбегі үшін мәслихаттың Алғыс хаттар жолданды:
Б. Болатханқызы – Құдайкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы; К.К. Галижапарова – «Өнер» қалалық мәдениет сарайы» КМҚК шаруашылық бөлімінің әкімшісі; А.Ш. Жынгылбаева – «Өнер» қалалық мәдениет сарайы» КМҚК билет бақылаушысы; Ж.А. Илеубаев – «Мақпал» мәдениет үйі» КМҚК көркемдік жетекшісі; Г.Ж. Исина – Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері; М.Ф. Ковалёва – «Юбилейный» мәдениет үйі» КМҚК әдіскері; Ю.М. Мандрик – «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ күзетшісі; М.О. Нұржігітова – Бозшакөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы; К.Е. Раимбеков – «Өнер» қалалық мәдениет сарайы» КМҚК сахна машинисі; Қ.Ж. Сапш – «Өнер» қалалық мәдениет сарайы» КМҚК LED-экран редакторы; З. Серейхан – «Мақпал» мәдениет үйі» КМҚК қызметтік бөлмелерді тазалаушысы; Қ.Ә. Сирманова –«Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ №6 кітапхана филиалының кітапханашысы; С.К. Тасыбекова – «Юбилейный» мәдениет үйі» КМҚК бухгалтері; Т. Фарида – «Мақпал» мәдениет үйі» КМҚК әдіскері.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1225905?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау