Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыс әкімі Сактаганов Н.А. «Мәдениет орталығы» мекемесінің «Гармония» халықтық би ансамблінің жетекші-қоюшы-балетмейстері Надежда Терентьевна Абрамова Құрмет грамотасымен марапаттады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Гармония» ансамблі халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың жүлдегері болып табылады және өңірдің мерейін түрлі шығармашылық алаңдарда асқақтатып келеді. Кәсіби шеберлігі, өнерге деген адалдығы мен көпжылдық еңбегінің арқасында ұжым мәдениетті дамытуға және шығармашылық дәстүрлерді сақтауға зор үлес қосып келеді.
Ансамбль қатысушыларының таланты, шабытқа толы өнері мен өз ісіне деген сүйіспеншілігі көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ұжымның жетістіктері өнер мен мәдени мұраға деген адалдықтың жарқын үлгісіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1226180?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version