МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫ ҚЫЗМЕТЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиын барысында мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері марапатталып, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек барша қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, шаһарда мәдениет саласында оң өзгерістер бар екенін атап өтті.
Мегаполис шаһар бүгінде мәдениет пен руханияттың ордасына айналды. Қала халқының мәдениетін көтеру бағытында көптеген мәдениет ошақтары қайта жаңғырды. Қаланың рухани мәдениетін көтеруде, тың идеяларды жүзеге асыруда сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Шымкент қаласында кітап оқуды дәріптеуде үш жыл қатарынан “Абай оқуларын” өткіздік. Балалардың шығармашылығын дамытуда бірнеше жобалар қолға алынды.

Кітапханаларды, архив саласын цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Театрлардың жұмысы жанданып келеді. Жалпы айтқанда, мәдениет пен өнердің барлық саласына көңіл бөлініп отыр. Мұның бәрі де Президенттің тапсырмасымен, қала әкімінің қолдауымен жүзеге асуда, — деді қала әкімінің орынбасары.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1226268?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version