Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Жапония арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің орнағанына 10 жыл толуы қарсаңында өтіп жатқан Токио губернаторы Юрико Коикэнің сапарының символдық мәнін атап өтті.
Президент Юрико Коикэнің басшылығымен Токио әлемдегі ең қауіпсіз, ең таза және тиімді басқарылатын мегаполистердің бірі саналатынын айтты.
– Біз Сізді әлемдік деңгейдегі көрнекті саясаткер ретінде бағалаймыз. Сіздің көреген басшылығыңыз бен еліңізге сіңірген көпжылдық қызметіңіз зор құрметке лайық. Қазақстанда Сізді уақыт сынынан өткен дос, серіктес және мемлекет қайраткері ретінде жақсы таниды. Қазақстан тарихы мен мәдениетін насихаттауға бағытталған күш-жігеріңізге ерекше мән береміз. Бұл біздің халықтарымыздың жақындасуына ықпал етеді, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Жапонияға жасаған ресми сапарын жылы лебізбен еске алып, оның қорытындысы бойынша екіжақты қатынастар жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін айтты.
– Мен Токиодағы «Ақылды қала» бағдарламасымен таныстым. Бұл біз үшін өте қызықты болды, өйткені Қазақстанда да Smart City тұжырымдамасы ілгерілетілуде. Сіздің Астанаға сапарыңыз пайдалы болады деп сенемін, себебі біз мегаполистерді басқару саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға мүдделіміз, – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Токио губернаторы Президентке жылы қабылдауы үшін алғысын білдірді.
– Сіздің көшбасшылығыңызды, сондай-ақ экономикалық өсімді, жасанды интеллектіні, цифрландыруды және елдің инвестициялық тартымдылығын дамытуға бағытталған институционалдық реформаларыңызды жоғары бағалаймын. Өңірдегі ірі экономика әрі мол ресурстарға ие Қазақстан Еуропа мен Азияны байланыстыратын Орталық Азиядағы негізгі хаб ретіндегі рөлін нығайтып келеді, – деді Юрико Коикэ.
Тараптар сондай-ақ цифрлық технологиялар, халықаралық қаржы және білім беру сияқты негізгі салаларда әріптестік орнату мүмкіндіктерін қарастырды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Жапония арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Юрико Коикэні I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-nadezhdin/press/news/details/1226637?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version