2026 жылғы 22 мамырда Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың Қостанай бөлімшелік басқармасы мамандары арасында «Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері» тақырыбында оқыту-семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін жетілдіру мәселелерін қарастыру болды. Қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсетудің негізгі қағидаттарының бірі – мемлекеттік органның есептілігі мен ашықтығы екені түсіндірілді. Бұл «ашық әрі есеп беретін мемлекет» қағидатын қалыптастыруға, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында нормативтік құқықтық актілер талаптарын және бизнес-процестер мерзімдерін қатаң сақтау бойынша ұсыныстар берілді. Іс-шара диалог форматында өтіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді, пікір алмасу жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1226739?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау