Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Мамыр 22, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



«Мерейлі отбасы-2026» Ұлттық конкурсына құжаттар қабылдау басталды

Жарияланды:

22/05/2026 10:02

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

Адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мәртебесін артыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын мойындау;
2) балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын көрсету және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

Қатысу үшін өтінім мен құжаттар 2026 жылдың 15 мамырынан 15 маусымға дейін дейінгі аралықта Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімінде қабылданады. Құжаттарды қағаз немесе электрондық нұсқада тапсыра аласыздар.

«Мерейлі отбасы» конкурсының ережесі және конкурсқа қатысу туралы ақпаратты Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімінен алуға болады.
 Ақпаратты 8(71335) 21-5-27 нөміріне хабарласып біле аласыздар!

Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі (Қағидаларға ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 қаулысымен өзгерістер енгізілді).

 
 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shetyrkyz/press/news/details/1226007?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Алматыда жүздеген шақырым инженерлік желі жаңғыртылып, көлік жуу орындарына бақылау күшейтіледі
Next: «Қалба тынысы» газетінде мақала жарияланды→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version