МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға құқықтық кеңес беру кездесуі өтті.

Іс-шараның мақсаты – мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау шаралары жөнінде ақпарат беру және заңнамалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

Кездесу барысында қатысушыларға заңнамадағы өзгерістер, атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық және адвокаттық қызметтер бойынша түсіндірмелер берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.

Шара ашық диалог форматында өтіп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды ақпараттық алаңға айналды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1226479?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version