Нұрдәулет Қилыбай ТЖМ қызметкерлеріне арналған демалыс базасының құрылысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновпен бірге Ақтау қаласында Каспий теңізі жағалауында салынып жатқан «112 Resort Aktau» демалыс базасының құрылыс барысымен танысты.

Жоба Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесі қызметкерлеріне арналған заманауи демалыс және сауықтыру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Нысан аумағында капсулалық үйлер, абаттандырылған серуендеу аймақтары, спорт алаңдары, бассейндер, мәдени және корпоративтік іс-шаралар өткізуге арналған орындар қарастырылған. Сонымен қатар отбасылық демалыс пен белсенді бос уақыт өткізуге қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылған.

Жауапты мамандар өңір басшысы мен министрге кешен құрылысының негізгі кезеңдері, инфрақұрылымдық шешімдер және жобаның алдағы даму жоспарлары туралы баяндады. Құрылыс барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау, азаматтық қорғау жүйесі қызметкерлерінің сапалы демалысы мен сауығуына қолайлы орта қалыптастыру мәселелері де назарға алынған.

Облыс әкімі мұндай әлеуметтік нысандар қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттырып, олардың жан-жақты демалуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ өңірде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар алдағы уақытта да жүйелі түрде қолдау табатынын жеткізді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1226537?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version