Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Көксарай ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, 2026 жылдың тиісті кезеңінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша есеп берді.
Кездесу барысында аудан әкімі аудан көлемінде жүзеге асқан әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, абаттандыру және әлеуметтік қолдау бағыттарындағы жұмыстарға тоқталды.
Жиында Көксарай ауыл округінде атқарылған жұмыстар кеңінен баяндалды. Атап айтқанда, әлеуметтік көмек көрсету, кәсіпкерлікті қолдау, суармалы егіс көлемін игеру, көшелерді жөндеу, жарықтандыру және балалар ойын алаңшаларын салу бағытында нақты жұмыстар атқарылғаны айтылды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің демеушілігімен «Құтты мекен – Көксарай» естелік саябағы пайдалануға беріліп, 200 орындық балабақша құрылысы жүргізілгені атап өтілді.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауылдағы ауыз су мәселесі, жайылымдық жер, балабақша қажеттілігі және инфрақұрылымға қатысты бірқатар ұсыныс-пікірлер көтерілді.
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1226765?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау