Қала әкімі мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияда салтанатты шара өтті. Мерекелік жиында шаһар басшысы Шәкір Кейкин мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, саланың қоғамдағы айрықша орнына тоқталды.

– Мұнайлы астанамыздың өркениетті дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге мәдениет саласының қызметкерлері аяндай еңбек етіп келеді. Бүгінде қалалық кітапханалар жүйесі халыққа сапалы қызмет көрсетіп, мәдени-көпшілік шараларды тұрақты ұйымдастыруда. Сонымен қатар мәдениет үйлері мен клубтар тұрғындардың рухани сұранысын қамтамасыз етіп отыр. Халықтық атағы бар театр, хор және би ұжымдары республикалық және халықаралық байқауларда топ жарып, өңіріміздің мерейін үстем етуде. Саланың инфрақұрылымдық дамуына да тұрақты түрде қолдау көрсетіледі. Өткен жылы бірнеше ауылда жаңа мәдениет үйлері пайдалануға беріліп, қазір бірқатар нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жақын уақытта Томарлы ауылындағы өнер мектебі де ел игілігіне табысталады. Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық шабыт және толағай табыс тілеймін, – деді.

Салтанатты шара барысында қала әкімі Шәкір Кейкінұлы мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерді Алғыс хатпен марапаттап, гүл шоқтарын ұсынды. Сонымен қатар кітапханашы Зәуре Наремгеноваға «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісін табыстады.

Өнерпаздар әсерлі ән әуелетіп, мың бұрала би билеп, шараның шырайын арттырды.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-atyrau/press/news/details/1226676?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version