Қосшы қаласында ведомствоаралық жедел кеңес өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қосшы қаласының прокуратурасы Қосшы қаласы Полиция бөлімінің тергеу, анықтау және криминалдық бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуымен ведомствоаралық жедел кеңес өткізді.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының №47 және №60 нормативтік қаулыларының талаптары түсіндірілді.

Атап айтқанда, №47 нормативтік қаулы аясында қылмыстық-процестік заңнаманы қолдану, қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын сақтау, құқықтық айқындық қағидатын қамтамасыз ету және заңнаманы біркелкі түсіндіру мәселелері жеткізілді.

Сонымен қатар, №60 нормативтік қаулы шеңберінде сотталғандардың білікті заң көмегін және медициналық көмекті алу құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.

Қосшы қаласының прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету және құқық қолдану практикасын біріздендіру бағытындағы жұмыстарды тұрақты негізде жалғастыруда. 

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1226410?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version