Ағымдағы жылдың 20 мамырында Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті базасында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Құқыққа қарсы мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ заңдылық, қызметтік тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қағидаттарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысында құқық қорғау органдарының өкілдері қолданыстағы заңнама нормаларын, құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік мәселелерін, сондай-ақ кәсіби және қоғамдық ортада құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жан-жақты түсіндірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1226604?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау