Құқықтық семинар-оқыту өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 мамырда Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың Қостанай бөлімшелік басқармасы мамандары арасында
«Іскерлік этика мен ресми мінез-құлық ережелерін сақтау: құмар ойын мекемелеріне барудан бас тарту, діни наным-сенімдерді құрметтеу және бағыныстыларды діни іс-шараларға қатысуға мәжбүрлеуге тыйым салу» тақырыбында құқықтық семинар-оқыту өткізілді. Құқықтық семинар-оқытудың мақсаты іскерлік этика мен ресми мінез-құлық ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды, оның ішінде құмар ойын мекемелеріне барудан бас тарту, діни наным-сенімдерді құрметтеу және мемлекеттік қызметшілердің бағынысты қызметкерлерді діни іс-шараларға қатысуға мәжбүрлеуіне жол бермеу. Спикер жалпыға бірдей қабылданған іскерлік этика ережелеріне тоқталды, оларға мыналар жатады: жұмыс уақытын тиімді және ұтымды пайдалану, дресс-кодты сақтау, қызметкерлер арасындағы жұмыс қарым-қатынастары, іскерлік келіссөздер жүргізу, тайм-менеджмент негіздерін білу, сұхбаттасушыға құрмет көрсету, телефон этикеті. Сондай-ақ интернет желісін пайдалана отырып құмар ойын мекемелеріне барудан және азарттық ойындарға және (немесе) бәс тігулерге қатысудан бас тарту, әріптестерге діни нанымдарын таңбау, бағынысты қызметкерлерді қоғамдық және діни бірлестіктер қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу қажеттігі айтылды. Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика стандарттарын бұзуы тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатыны еске салынды. Семинар қорытындысы бойынша іскерлік этика мен ресми мінез-құлық ережелерін сақтауға бағытталған міндеттер айқындалды. Семинар соңында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1226735?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version