Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Қайырымды қала» залында ақын, жазушы Сабырбек Нұрманұлының 70 жас мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шара аясында қаламгердің кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ақынның мол мұрасы ұсынылды.
Кешті ақын Марғуба Мұхтарқызы жүргізді. Алғашқы құттықтау сөзді кітапхана директоры, филология ғылымының кандидаты, айтыскер ақын Анар Жаппарқұлова арнады.
Әдеби кешке белгілі ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысып, Сабырбек Нұрманұлының шығармашылығы туралы жүрекжарды пікірлерін білдірді. Олардың қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Ханбибі Есенқарақызы, ақын Нармахан Бегалыұлы, Баян Тіленшина, балалар жазушысы Дәркен Танабаев және жазушы Шойбек Орынбай болды.
Кеш барысында мектеп оқушылары ақын өлеңдерінен әдеби композициялар орындап, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар С. Нұрманұлының сөзіне жазылған «Жолыққан қандай жақсы», «Домалақ ана», «Кеш келген махаббат», «Апа» әндері шырқалды.
Іс-шарада ақынның өмір жолы туралы бейнеролик көрсетіліп, туыстары мен жақындары естелік сөздер айтты. Рухани кеш қорытынды сөзбен түйінделді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1226252?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау