Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) Төрағасының 26.12.2025 жылғы № 1395 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинарларды өткізу жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 19 – 21 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Ірі салық төлеушілер департаментінің Ірі салық төлеушілер басқармасымен бірлесіп «Салық кодексіндегі өзгерістерді ескере отырып, ірі салық төлеушілерді мониторингтеу» тақырыбына Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін, салықтық бақылаудың тиімділігін арттыру бөлігінде жаңа Салық кодексіндегі өзгерістермен таныстыру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар тыңдаушылары үшін Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде:
– Ертлек Тасбулатович Капанов – ҚР ҚМ МКК Ірі салық төлеушілер департаменті Ірі салық төлеушілер басқармасы басшысының орынбасары қатысты.
Семинарға қатысушылардың тарапынан дәріскерге сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 104 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификаттарын алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1226753?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау