Санкт-Петербургте Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының делегациясы еліміздің конституциялық даму тәжірибесін таныстырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz

 

2026 жылғы 19-21 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов пен судья Айжан Жатқанбаева Санкт-Петербург қаласында өткен «Конституциялық бақылау және қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлері» халықаралық конференциясына қатысты.

Ресей Федерациясының Конституциялық Соты ұйымдастырған халықаралық форум әлемнің 20 елінен келген судьялар мен заңгерлерді және ЕАЭО Соты өкілдерін жинап, климаттық, технологиялық және геосаяси сын-қатерлерге құқықтық жауаптар әзірлеу мақсатында екі жұмыс сессиясы аясында, оның ішінде конституциялық сот ісін жүргізуде жасанды зердені тек қосалқы құрал ретінде қолдану мәселелерін қарастырды.

Бақыт Нұрмұханов өз сөзінде Қазақстандағы ауқымды конституциялық реформаларға шолу жасап, олардың қазіргі үрдістерге жауап берудің негізін қалағанын атап өтті. Жаңа Ата заңда «Заң және тәртіп» қағидаты, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау, барлық елдермен бейбітшілік пен достыққа ұмтылу, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтары бекітілген.

Сондай-ақ, Конституциялық Сотқа халықаралық ұйымдар шешімдерінің Конституцияға сәйкестігін тексеру өкілеттігінің берілуі болды. Сонымен қатар, конституциялық бақылау органының түсіндірмесінде Конституцияға сәйкес деп танылған нормативтік құқықтық актілер тек осы түсіндірме шеңберінде ғана қолданылатыны бекітілген.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар жаһандық сын-қатерлер жағдайында конституциялық бақылау ұлттық егемендік пен азаматтардың құқықтарын қорғаудың басты қалқанына айналуы тиіс, ол құқықтық жүйеге өзінің іргелі құндылықтарын жоғалтпай жаңа шындықтарға бейімделуге көмектесетіні туралы қорытындыға келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1226619?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version