ШҚО Полиция департаменті ескертеді: балалардың қауіпсіздігі – бәрінен маңызды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО Полиция департаменті ескертеді: балалардың қауіпсіздігі – бәрінен маңызды!

Жазғы демалыс – демалып, жақсы әсер алатын уақыт. Демалыстың қауіпсіз әрі қызықты өтуі үшін қарапайым ережелерді сақтау маңызды.

Жолда жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз, көшені тек белгіленген жерден өтіп, жан-жағыңызға мұқият қараңыз.

Бейтаныс адамдармен сөйлеспеңіз, олардың сыйлықтарын қабылдамаңыз және бөгде көлікке отырмаңыз.

Суда тек рұқсат етілген орындарда және ересектердің бақылауымен ғана шомылыңыз.

Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда болуына тыйым салынады.

Кез келген қауіпті жағдайда 102 нөміріне дереу хабарласыңыз.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті барлық балаларға қауіпсіз, жарқын әрі көңілді жазғы демалыс тілейді! 

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1226816?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version