Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда цифрландыру мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 15 мамырында Құқық қорғау органдарында операциялық және процестік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық алғышарттарын барынша азайту мәселелері тақырыбында аудандық полиция қызметкерлерімен дөңгелек стол өтті. Дөңгелек столға қатысушылар, өз ойларын ортаға салып, сыбайлас жемқорлық алғышарттарын барынша азайту стратегияларын талқылап және цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізу арқылы негізгі бағыт — процестерді автоматтандыру, рәсімдердің ашықтығы мен есептілігін арттыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және процестік қызмет барысында адами фактордың әсерін төмендету тетіктерін талқылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар заң үстемдігін қамтамасыз етуде цифрландырудың рөлі зор екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын білдірді. Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы жоспарларды айқындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-aktogay/press/news/details/1226641?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version