Тамақтан уланудың алдын алу және санитариялық талаптарды түсіндіру туралы семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 мамырда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды облысы Шет ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалының «Атамекен» өкілінің ZOOM платформасы арқылы қатысуымен Ақадыр станциясы вокзалы аумағында қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлермен интерактивті семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің тамақтан уланудың алдын алу, санитариялық талаптарды сақтау және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, әсіресе көктемгі-жазғы маусым кезеңінде өндірістік қызметті қауіпсіз ұйымдастыру мәселелері бойынша құзыреттілік деңгейін арттыру. Семинар барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, міндетті медициналық тексерулерден уақтылы өту, тез бұзылатын тағам өнімдерін сақтау және өткізу мерзімдерін сақтау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, сондай-ақ «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесін (e-SEN АЖ) енгізу мәселелері қарастырылды. Семинарға қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті және қойылған сұрақтарына толық әрі жан-жақты жауаптар алды. Өткізілген іс-шара санитариялық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық тамақтану саласындағы жауапкершілік деңгейін арттыруға және санитариялық-эпидемиологиялық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер туралы білімді кеңейтуге ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1226671?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version