Таразда 2024-2025 жылдары Сыпатай батыр, Төле би, Қ.Тұрысов көшелерінің бойындағы М-1 жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, 6 138 метр жылу құбырлары ауыстырылған болатын.
Сонымен қатар, өткен жылы Жамбыл даңғылының Төле би даңғылы мен Әйтеке би көшесінің аралығындағы М-3 жылу магистралының 650 метр бөлігі ауыстырылды. Сондай-ақ былтыр «Ұлы дала» шағын ауданындағы магистралдық және ішкі кварталдық жылумен жабдықтаудың инженерлік желілерін кеңейту жұмыстары бойынша 518 метр жылу құбырлары жаңартылды.
Ағымдағы жылы осы жұмыстар өз жалғасын тауып, «Самал», «Алатау» шағын аудандарының ішкі кварталдық жылу желілерін қайта жаңғыртудан өтуде.
Сонымен қатар, жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша алдағы 5 жылда 11 жоба іске асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1226824?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау