Ақтау қаласында қураған шөптерді қысқарту және егілген ағаштарды химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан айтылған пікірлер мен ұсыныстарға байланысты қураған шөптерді жұлу жұмыстары уақытша тоқтатылған болатын.
Қазіргі уақытта өсімдіктердің өсіп, күн сәулесінің әсерінен сарғаюына байланысты оларды шұғыл түрде қысқарту шаралары қолға алынды. Мамандардың айтуынша, аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – дала өрттерінің алдын алу және қала аумағындағы санитарлық тазалықты сақтау.
– Қазіргі уақытта өсімдіктер өсіп, күн көзіне сарғайғаннан соң оларды шұғыл қысқарту шаралары қолға алынды. Басты мақсат – дала өртінің алдын алу, – деді мердігер мекеме өкілі Ақжол Сандыбеков.
Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті негізде жалғасады. Мердігер мекеме өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1226889?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау