“Тіл тазалығын сақтайық” атты акция

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ынталы ауылдық округінде “Тіл тазалығын сақтайық” атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында ауыл тұрғындарына мемлекеттік тілдің тазалығын сақтау, жарнамалар мен маңдайшаларды сауатты жазу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара аясында “Аяла” дүкенінде болып, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дүкен иесіне көрнекі ақпараттарды қазақ тілінің талаптарына сай рәсімдеу бойынша ұсыныстар беріліп, арнайы жадынамалар таратылды.

Зерделеу барысында дүкен иесіне Қазақстан Республикасының “Тіл туралы” Заңының талаптары түсіндіріліп, “Тіл туралы” Заңының 21-бабының талаптары егжей-тегжейлі баяндалды.

Сонымен қатар, дүкеннің атауын мемлекеттік тіл талаптарына сәйкес дұрыс рәсімдеу қажеттігі жөнінде ескерту берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-yntaly/press/news/details/1226566?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version