2026 жылғы 15 мамырда Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қандыағаш пайдалану вагон депосы» филиалының Тассай техникалық қызмет көрсету пункті қызметкерлері арасында «В вирустық гепатиті», аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың (оба, тырысқақ, сібір жарасы, ҚКГЛ) алдын алу, сондай-ақ ҚР ДСМ м.а. 2020 жылғы 13 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар ұйымдастырып өткізді. Семинар барысында қатысушыларға В вирустық гепатитінің ауыр жұқпалы аурулардың бірі екені, оның созылмалы түрге ауысып, бауыр циррозы мен қатерлі ісікке әкелуі мүмкін екені түсіндірілді. Сонымен қатар, аурудың жұғу жолдары ретінде қорғалмаған жыныстық қатынас, жұқтырылған қан мен оның компоненттерін құю, өңделмеген медициналық құралдарды пайдалану және косметологиялық процедуралар (татуировка, маникюр, педикюр) атап өтілді. Аурудың алдын алуда жеке гигиена талаптарын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сонымен бірге, аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың алдын алу шаралары, сондай-ақ міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулердің маңызы түсіндірілді. Медициналық тексерулер қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылау, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, кәсіптік және инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу мақсатында жүргізілетіні айтылды. Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар беріліп, ақпараттық жадынамалар мен брошюралар таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1226681?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау