ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Саят Рахымбердіні арнайы қабылдап, халықаралық додадағы жоғары жетістігімен құттықтады.
Аудан әкімінің қабылдауына жас спортшы Саят Рахымберді анасы және жаттықтырушыларымен бірге қатысты. Кездесу барысында аудан басшысы жас боксшының Ташкент төрінде көрсеткен шеберлігі мен қайсарлығына жоғары баға беріп, бұл жетістік Келес ауданы үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті.
— Саяттың Азия чемпионатындағы жетістігі – табанды еңбектің, үздіксіз жаттығудың және жеңіске деген жігердің нәтижесі. Бұл – тек отбасының немесе бапкерлерінің ғана емес, бүкіл Келес жұртшылығының қуанышы. Осындай дарынды жастарымыздың жеңісі аудан спортының әлеуетін айқын көрсетеді. Алдағы уақытта да ел намысын абыроймен қорғай беретініне сенемін, – деді Жәнібек Ағыбаев.
Қабылдау барысында аудан әкімі Саят Рахымбердіге, оның жаттықтырушыларына және анасына алғыс білдіріп, арнайы Алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыс етті.
Еске сала кетейік, Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен бокстан жасөспірімдер (U15) арасындағы Азия чемпионатында Саят Рахымберді 33 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалға дейін барлық қарсыластарын сенімді түрде жеңген болатын. Ақтық сында Үндістан спортшысымен тартысты жекпе-жек өткізіп, нәтижесінде күміс жүлдеге ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1226865?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version