Жағатал ауылдық округінің әкімі Қ.Б. Тұрлыбеков Қазақстан ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері мен «Әжелер салған әндер-ай» әжелер ансамблін құттықтады.
Жағатал ауылдық округінің әкімі Тұрлыбеков Қайрат Берікбайұлы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, ауылда жаңадан бой көтерген заманауи мәдениет үйінің ұжымын және өңірдің мақтанышына айналған «Әжелер салған әндер-ай» ансамблін айтулы мерекемен салтанатты түрде құттықтады.
Округ әкімі өз сөзінде жаңа мәдениет ошағының ашылуы ауылдың рухани өміріне жаңа серпін беретінін және бұл ғимараттың жергілікті халықтың мәдени демалыс орны ғана емес, таланттар ұясына айналатынына сенім білдірді. Жаңа ұжымның алдында тұрған үлкен жауапкершілікті атап өтіп, олардың алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі.
Шара барысында ауылдық округ әкімі жаңа мәдениет үйінің қызметкерлеріне ізгі тілегін білдіріп, шығармашылық ұжым мен ансамбль мүшелеріне арнайы “Алғыс хаттар” мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Жиын соңында округ әкімі жаңадан іске қосылған мәдениет ошағының жұмысына береке, қызметкерлерге сарқылмас шабыт пен отбасылық амандық тіледі. Шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1226425?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау