Іс-шараның негізгі мақсаты – ел дамуына үлес қосқан ардагерлер мен қазыналы қарияларға құрмет көрсету, олардың денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөліп, әлеуметтік-медициналық қолдау көрсету болды.
Акция аясында ауылдық амбулатория қызметкерлері мен еріктілер қариялардың үйлеріне арнайы барып, кешенді медициналық көмек көрсетті. Атап айтқанда, ардагерлердің қан қысымы өлшеніп, қандағы қант мөлшері тексерілді, жалпы денсаулық жағдайына бақылау жасалып, дәрігерлік тексерулер жүргізілді. Сонымен қатар қажетті дәрі-дәрмектер мен дәрумендер таратылып, кәсіби медициналық кеңестер берілді.
Іс-шара барысында қарияларға ерекше ілтипат көрсетіліп, олардың денсаулығы мен тұрмыс жағдайына қатысты мәселелер назарға алынды. Өз кезегінде ақсақалдар мен әжелер көрсетілген қамқорлық үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Мұндай қайырымдылық шаралары қоғамда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін нығайтып, жастардың бойында мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға оң ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1226762?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау