Жаңа Конституция – бүгінгі өзгеріс, ертеңгі даму

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде «Жаңа Конституция – бүгінгі өзгеріс, ертеңгі даму»  тақырыбында семинар өткізілді. 

Семинарға Департаменттің басшылығы, Шымкент қаласы мәслихатының,  «АMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының, Шымкент қалалық адвокаттар  алқасының Еңбекші аудандық заң консультациясының, Қаратау аудандық прокуратурасының  өкілдері және Департаменттің жеке құрамы қатысты.

Семинарды Департамент бастығы генерал-майор Қ.Б. Базарбаев ашып, шақырылған баяндамашыларға сөз берді. Семинар  барысында, Департаменттің қызметкерлеріне, жаңа Конституция қабылдау маңыздылығы туындағанын, 15 наурыздағы референдумда қабылданған Конституцияның негізгі нормалары қолданыстағы Конституциямен салыстырмалы түрде, сондай-ақ, басқа да  қолданыстағы ережелер, заңнамалармен және мемлекеттік саясаттың жалпы бағыттарымен өзара байланыстыра, жан-жақты түсіндірілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1226832?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version