Жаңасемей ауданында аудандық көркемөнерпаздар байқауының қорытынды кеші өтіп, жеңімпаздар анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға ауданның мәдениет, өнер және кітапхана саласының қызметкерлері қатысты. Кеш барысында ұлттық өнерді дәріптеп, мәдениет саласының дамуына үлес қосып жүрген өнерпаздардың еңбегі ерекше атап өтілді.

Шарада Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы сөз сөйлеп, мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол мәдениет саласы – руханияттың алтын діңгегі екенін атап өтіп, ауданның мәдени өміріне белсенді үлес қосып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, мәдениет, өнер және кітапхана саласында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің арнайы Алғыс хаттары табысталды. Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер ұжымдары мен талантты қатысушылар марапатталып, кеш мерекелік концертке ұласты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1226097?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version