Жас жол инспекторлары слетінің аудандық кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауданда балалар арасындағы жол-көлік жарақатының алдын алу және жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін арттыру мақсатында жас жол инспекторлары (ЖЖИ) республикалық слетінің аудандық кезеңі өтті.
Сайысқа ауданның 3 мектебінің командалары қатысты: №1 Новоишим орта мектебі , №2Новоишим орта мектебі және Червонное орта мектебі. Оқушылар жол қозғалысы ережелері бойынша жақсы білімдерін, командада жұмыс істей алу қабілеттерін және шығармашылық шеберліктерін көрсетті.

Слет бағдарламасына «Жол қозғалысы ережелерін білгірлер» байқауы, велосипедті мәнерлеп жүргізу, автокалашықта жүргізу, реттеушілер сайысы, эрудиттер турнирі, алғашқы көмек көрсету және үгітбригадалар байқауы енгізілді.
«Жол қозғалысы ережелерін білгірлер» байқауында қатысушылар жол қозғалысы ережелері мен жол белгілері бойынша білімдерін сынады.
Велосипедті мәнерлеп жүргізу кезеңінде оқушылар ептіліктерін және түрлі кедергілерден өте алу дағдыларын көрсетті.
«Автокалашықта жүргізу» кезеңінде мектеп оқушылары шынайы жол қозғалысына жақын жағдайда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын көрсетті.
Реттеушілер сайысында қатысушылар реттеуші белгілерін білу және оларды дұрыс орындау қабілеттерін танытты.
Эрудиттер турнирінде оқушылар ЖЖИ тарихы, жол қозғалысы ережелері және жол полициясы туралы сұрақтарға жауап берді.
Алғашқы көмек көрсету кезеңінде командалар төтенше жағдайларда зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша тәжірибелік дағдыларын көрсетті.
Әсіресе, үгітбригадалар байқауы ерекше әсерлі өтті. Қатысушылар шығармашылық түрде жол қозғалысы ережелерін сақтауға және балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға шақырды.
Сайыс қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын — Червонное орта мектебі
2 орын — №1Новоишим орта мектебі
3 орын —№2 Новоишим орта мектебі
Байқау қорытындысы бойынша эрудиттер турнирінде ең көп ұпайды №1 Новоишим орта мектебі командасының қатысушысы Сыздықов Радмир жинады. «Велосипедті мәнерлеп жүргізу» байқауында ең жоғары ұпайды Червонное орта мектебінің оқушысы Зайцев Вилен иеленді. Ал ең үздік жас реттеуші болып №1Новоишим орта мектебі оқушысы Алибаев Әли танылды.
Слет соңында жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараның өткізілуі жас жол инспекторлары жұмысының жол қозғалысының сауатты әрі жауапты қатысушыларын тәрбиелеудегі маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/1226733?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version