Жетісу облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Іс-шара басталғалы бері полиция қызметкерлерімен 1400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. Ерекше назар жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін құқық бұзушылықтарға аударылуда.
Атап айтқанда, қоғамдық орындарда тиісу дерегі бойынша 248 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқарудың 194 дерегі анықталды. Сонымен қатар, 114 жүргізуші міндетті техникалық байқаудан өтпеген көліктерді пайдаланған.
Бұдан бөлек, қауіпсіздік белдігін және мотошлемдерді пайдалану талаптарын сақтамаудың 440 фактісі анықталды.
— Жедел-профилактикалық іс-шараның басты мақсаты — анықталған құқық бұзушылықтардың саны емес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Жолдағы тәртіп, ережелерді сақтау және жол қозғалысына қатысушылардың өзара құрметі — қауіпсіздіктің негізгі кепілі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, — деп атап өтті Жетісу облысы полициясында.
Тәртіп сақшылары өңір тұрғындары мен қонақтарын Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздік әрбір қатысушының жауапкершілігіне байланысты екенін ұмытпауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1226850?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау