23 мамыр күні сағат 18:00-де Триатлон паркінде караоке чемпионаты өтеді. Ал сағат 21:00-де Орталық саябақтағы тоғанда лазерлік және отты шоумен сүйемелденетін музыкалық субұрқақ іске қосылады.
24 мамыр күні сағат 18:00-де «Aqtobe dance – 2026» би фестивалі ұйымдастырылады.
25 мамыр күні сағат 16:00-де Қалалық мәдениет үйінде «Өнерлі өлке – Ақтөбем!» атты байқауы өтеді.
26 мамыр күні сағат 19:00-де Триатлон паркінде «Ақтөбе дауысы – 2026» вокалдық байқауының финалы өтеді.
28 мамыр күні сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін Арбат, Қалалық мәдениет үйі алдындағы алаң, «Авиатор» паркі, Денсаулық саябағы және Есет батыр шағынауданында жергілікті өнерпаздардың концерттері ұйымдастырылады.
28 мамыр күні сағат 20:00-де «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы жанында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.
29 мамыр күні сағат 19:00-де мерекелік бағдарлама бір уақытта екі алаңда жалғасады: Триатлон паркінде «Ақтөбем – жыр-әнімсің» атты музыкалық-поэзиялық кеш өтсе, М.Мәметова даңғылы бойындағы жағалауда суретшілер көрмесі ашылады.
Мерекелік іс-шаралар 30 мамыр күні сағат 11:00-де «Астана» саябағында өтетін «Ethno-fest Ақтөбе – 2026» этнофестивалімен қорытындыланады. Сонымен қатар мұнда «Тары-fest» гастрономиялық фестивалі де ұйымдастырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1227011?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау