Абай облысында 100-ге жуық тәртіп сақшысы мұражай түнін тамашалады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Мұражай түні” қарсаңында Абай облысы Полиция департаментінің 100-ге жуық қызметкері Абай музейіне арнайы барып, рухани кештің көрерменіне айналды.

Бұл жолы тәртіп сақшылары қызметтік міндеттен бөлек, ұлттық мұраға тағзым етіп, Абай әлеміне саяхат жасады.

Экскурсия барысында полицейлер ұлы ақынның өмір жолымен, тарихи жәдігерлермен және құнды мұрағаттық материалдармен танысты. Әсіресе, Абайдың әділдік, білім мен адамгершілік туралы қара сөздері тәртіп сақшыларына ерекше әсер қалдырды.

— Абай мұрасы – тек әдебиет емес, ол қоғамға қызмет етудің, адалдық пен әділдіктің үлкен мектебі. Бүгінгі экскурсия бізге рухани серпіліс сыйлады, — деді полиция қызметкерлерінің бірі.

Шараға қатысушылар мұндай мәдени кездесулердің қызметкерлердің дүниетанымын кеңейтіп, рухани құндылықтарға деген құрметін арттыратынын атап өтті.

— Күнделікті қызметте біз қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке жауап береміз. Ал осындай тағылымды орындарға келу адамға ішкі тыныштық пен ерекше мотивация береді, — деп бөлісті жас тәртіп сақшысы.

Кеш барысында мұражай ұжымы арнайы экскурсия ұйымдастырып, қатысушыларға Абай дәуірінің тарихи атмосферасын кеңінен таныстырды. Полицейлер мұражайдағы әр экспозициядан ұлттық тарихтың тереңдігін сезініп, ерекше әсермен тарқасты.

“Мұражай түні” аясында өткен бұл кездесу руханият пен құқық қорғау саласының үндестігін көрсеткен мазмұнды шараға айналды. Ұлттық мұраны ұлықтауға бағытталған бастама қатысушылардың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттырып, мәдени құндылықтарға деген құрметін нығайтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1226922?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version