Абай облысында полиция, прокуратура және «ҚазАвтоЖол» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға құқықтық ақпарат беру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ көші-қон заңнамасы мен жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелерінде кеңес беру болды.
Қатысушылар акция барысында құқықтық кеңес алып қана қоймай, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын тәжірибе жүзінде көрді.
«Жолда қабылдау» акциясы құқық қорғау органдары, «ҚазАвтоЖол» және халық арасындағы сенімді арттыруға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын күшейтуге және мемлекеттік қызметтерді тиімді көрсетуге бағытталған маңызды бастама болып табылады. Шара барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстар болашақтағы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жетілдіруге бағыт-бағдар ретінде қолданылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1226913?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау