Абай облысының тұрғындары электрлі көлік құралдарын тіркеуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2024 жылғы 3 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңына өзгерістер енгізілді (Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 3 қазандағы №130-VIII Заңы). Осы өзгерістерге сәйкес мопедтер механикалық көліктермен теңестіріліп, ІІБ-де міндетті мемлекеттік тіркеуге жатқызылады.

Мопедтер мен мотовелосипедтер туралы негізгі ақпарат:

Санат және тіркеу:
Электр немесе іштен жанатын қозғалтқыштары бар мопедтер, мотовелосипедтер және мокиктер L1 немесе L2 санатына жатады.
Мұндай көліктер «Жол қозғалысы туралы» Заңына сәйкес механикалық көліктермен теңестіріліп, міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жіберіледі.
Қозғалтқыш сипаттамалары:
Іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерде қозғалтқыш көлемі 50 см³ аспауы тиіс.
Электр қозғалтқышы бар көліктерде ұзақ жұмыс режиміндегі номиналды максималды қуаты 4 кВт-тан аспауы қажет.
Максималды конструкциялық жылдамдық (қозғалтқыш түріне қарамастан) 50 км/сағ-тан аспауы тиіс.
Жүргізуші куәлігі:
Мопедтерді басқару үшін A1 санатты жүргізуші куәлігі қажет.
A және B санатты жүргізуші куәліктері бар тұлғалар A1 санатын алу міндетті емес (Заңның 73-бабы).
Жылдамдық шектері асатын жағдайда:
Егер екі немесе үш доңғалақты көліктің максималды конструкциялық жылдамдығы 50 км/сағ-тан асып кетсе, ол L3 немесе L4 санатына жатады, яғни мотоциклдерге теңестіріледі.

Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды мопедтерді, мотовелосипедтерді және мокиктерді тіркеу тәртібімен танысып, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады. Жолда қауіпсіздікті сақтау – әрбіріміздің міндетіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1226920?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version